Accessibility links

Ауғанстан президенті Карзай Қытайға барды


Кытай басшысы Си Цзиньпин (оң жақта) мен Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта). Пекин, 27 қыркүйек 2013 жыл.

Кытай басшысы Си Цзиньпин (оң жақта) мен Ауғанстан президенті Хамид Карзай (сол жақта). Пекин, 27 қыркүйек 2013 жыл.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай Қытай астанасы Пекинде осы елдің басшысы Си Цзиньпинмен, Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Ауғанстан президентінің баспасөз хатшысы Аймал Файзи Азаттықтың Ауған қызметіне "Пекин бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы Кабулдың еңбегіне қолдау білдіргенін" айтты.

Файзи "Пекиннің Ауғанстанға экономикалық қолдау көрсететінін мәлімдегенін" хабарлады.

Кездесуде талқыланған негізгі мәселелердің бірі Ауғанстандағы Айнак мыс кеніші болған. Қытайдың металлургиялық консорциумы кенішті игеру құқығын алған. Жобаның жалпы құны - 3 миллиард АҚШ доллары. Айнак мыс кеніші - Ауғанстандағы ірі шетелдік инвестициялық жобалардың бірі. Бірақ қауіпсіздікке қатысты проблемалар кенішті іске қосуды кейінге қалдырып келеді.
XS
SM
MD
LG