Accessibility links

Пәкістанда жойқын жер сілкінісі тағы қайталанды


Белуджистан провинциясында жер сілкінісінен қираған үй. Пәкістан, 25 қыркүйек 2013 жыл.

Белуджистан провинциясында жер сілкінісінен қираған үй. Пәкістан, 25 қыркүйек 2013 жыл.

28 қыркүйек, сенбі күні Пәкістанның төрт күн бұрын ғана зілзаладан зардап шеккен оңтүстік-батыс аудандарында тағы да жойқын жер сілкінісі болды.

АҚШ геологиялық қызметі бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 7 балға (6,8) жуықтағанын хабарлады. Жер тербелісінің эпицентрі - тағы сол Белуджистан провинциясының Аваран ауданы.

Бұл провинцияда 24 қыркүйекте 8 балға (7,7) жуық жер сілкінісі болған еді. Оның зардабынан 500-ден астам адам қаза тапты.

Пәкістан билігі апат болған аудандарға жәрдем беруге тырысып жатқанымен, Белуджистан сепаратистері шабуылдап, көмек шараларына кедергі келтіріп отыр.

Белуджи көтерілісшілері Пәкістаннан тәуелсіздік алуды мақсат тұтады. Олар Исламабадты "Белуджистанның минералды және көмірсутегі ресурстарын тонап келеді" деп айыптайды. Сепаратистер Пәкістан билігін "елдегі адам құқықтарын бұзып отыр" деп те сынайды.
XS
SM
MD
LG