Accessibility links

Грекияда қысқы олимпиада алауы жағылды


Сочи олимпиадасы алауының үлгісі жасалды. Мәскеу, 17 қаңтар 2013 жыл.

Сочи олимпиадасы алауының үлгісі жасалды. Мәскеу, 17 қаңтар 2013 жыл.

29 қыркүйекте Грекияда 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарының алауы жағылды.

Алау тұтату ғұрпымен 123 күнге созылатын олимпиада алауы эстафетасы басталады. 5 қазан күні олимпиада алауы Сочи қаласына жеткізіледі.

Қысқы олимпиада басталатын 7 ақпанға дейін алауды ғарышқа, Байкал көліне, Солтүстік полюске апару жоспарланған.

Олимпиада алауы күн сәулесін шағылыстыратын томпақ айна арқылы тұтандырылған. Алау тұтату рәсімінде Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа басшысы Томас Бах пен Сочи олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Чернышенко қатысқан.

Көне Олимпия қонысынан басталған олимпиада алауы эстафетасына тұңғыш рет ресейлік спортшы - хоккеист Александр Овечкин қатысты.
XS
SM
MD
LG