Accessibility links

Апаттан кейінгі алғашқы "Протон-М" ұшырылды


Байқоңыр ғарыш айлағындағы ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы. 2 шілде 2013 жыл.

Байқоңыр ғарыш айлағындағы ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы. 2 шілде 2013 жыл.

30 қыркүйекте, Астана уақытымен сағат 3-тен 38 минут өткенде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды. Зымыран тасығышы ғарышқа Astra 2E деп аталатын еуропалық байланыс спутнигін алып ұшты.

Байланыс спутнигі дүйсенбі күні Астана уақытымен сағат 12:50-де орбитаға шығарылады деп жоспарланған.

Бұған дейін, 2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат кезінде ғарыш айлағы маңы зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны – гептилмен ластанған.

29 қыркүйекте Орал қаласында "Абырой" үкіметтік емес ұйымының белсенділері Байқоңырдан Ресейдің "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға қарсы акция өткізген еді.
XS
SM
MD
LG