Accessibility links

Башар Асад: БҰҰ қарарына бағынамыз


Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 25 қыркүйек 2013 жыл

Сирия президенті Башар Асад. Дамаск, 25 қыркүйек 2013 жыл

Сирия президенті Башар Асад БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің химиялық қару-жарақ қорын жою туралы қарарына мойынсұнатынын мәлімдеді.

27 қыркүйекте БҰҰ қарары қабылданғаннан кейін италиялық телеарнаға берген сұхбатында Асад "АҚШ адал саясат ұстанған жағдайда" Вашингтон мен Тегеран қарым-қатынасының жақсаруы Дамаскі мен бүкіл аймаққа оң ықпал ететінін айтты.

Башар Асадтың айтуынша, қараша айына Женевада Сирия мәселесіне қатысты өтетін бітімгерлік конференциясында бір де бір еуропалық мемлекет "шешуші рөл атқара алмайды".

1 қазанда Сирияға Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымының жиырмаға жуық сарапшысы бармақ. Олардың бірі Асад режимінің өз химиялық қару-жарағына қатысты ұсынған мәліметіне "күдіктенуге негіз жоқ" екенін айтады.

Сарапшылар Сирияға қатысты есебін қазан айының соңына дейін даярлауды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG