Accessibility links

Нигерияда содырлар ондаған студентті өлтірді


"Боко Харам" тобының содырлары француз отбасын кепілге алып, мәлімдеме жасап отыр. Ақпан, 2013 жыл
"Боко Харам" тобының содырлары француз отбасын кепілге алып, мәлімдеме жасап отыр. Ақпан, 2013 жыл
Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йобе штатында 29 қыркүйекте исламшыл содырлар колледж жатақханасына шабуылдап, ондаған студентті атып өлтірді. Содырлар жатақханаға студенттер ұйықтап жатқанда басып кірген.

Дәрігерлердің хабарлауынша, 40 студент қаза тауып, 5 студент жараланған. Содырлар бұдан өзге колледждің бірнеше кабинетін өртеп кеткен.

Шабуылды экстремистік "Боко Харам" тобы мойнына алды. Нигерия президенті Гудлак Джонатан шабуылды айыптап, елде ислам заңдарын орнатқысы келетін бұл топтың іс-әрекетін сынады.

2009 жылдан бері Нигерияда зорлық-зомбылық пен террорлық шабуылдан бір жарым мыңнан аса адам мерт болған.

2013 жылдың басында содырлар мектептер мен университеттерге шабуыл жасайтындарын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG