Accessibility links

БҰҰ өкілдігіне "Протонға" наразылық хатын тапсырды


Азаматтық белсенді Мұхтар Тайжан. Алматы, 2 шілде 2013 жыл

Азаматтық белсенді Мұхтар Тайжан. Алматы, 2 шілде 2013 жыл

Дүйсенбі күні бір топ азаматтық белсенді БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігіне ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылуына наразылық хатын тапсырды.

Хатты тапсырушылардың бірі, азаматтық белсенді Мұхтар Тайжанның айтуынша, хатта қазіргі кезде БҰҰ-ның Сирияда химиялық қару қолданылғанына қатысты мәселені қарап жатқаны, "гептилдің де химиялық қару" екені айтылған.

"Хатта БҰҰ не себепті Қазақстанда 60 жылдан бері химиялық сынақтардан қаза тапқан адамдарды санамайтынын сұрадық" деді ол хат мазмұны жайында Азаттық тілшісіне.

БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігінің қабылдау қызметі Азаттыққа азаматтық белсенділерден хатты қабылдап алғандарын, енді оны Астанадағы өкілдікке жіберетіндерін айтты.

30 қыркүйекте Байқоңырдан байланыс спутнигін тіркеген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылғаны хабарланған.

2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген дәл осындай "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырыла бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан ғарыш айлағы маңындағы жерді зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны - гептил ластаған.
XS
SM
MD
LG