Accessibility links

Мәскеуде "Протон" ұшыруға қарсылық акциясы өтті


Белсенді Ринат Кибраев наразылық флэшмобында. Мәскеу, 30 қыркүйек 2013 жыл
Белсенді Ринат Кибраев наразылық флэшмобында. Мәскеу, 30 қыркүйек 2013 жыл
Қазақстандық азаматтық белсенділер Дмитрий Щелоков пен Ринат Кибраев бүгін Мәскеуде Мемлекеттік думаның алдында ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылуына қарсылық білдірген флешмоб өткізді.

Акция бірнеше минутқа созылған. Дмитрий Щелоковтың айтуынша, акция маңында жүрген формадағы ер адам Кибраевтың құжаттарын тексерген.

30 қыркүйекте Байқоңырдан байланыс спутнигін тіркеген ресейлік"Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылған.

2 шілдеде ресейлік үш "Глонасс-М" аппаратын тиеген дәл осындай "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырыла бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат кесірінен ғарыш айлағы маңындағы жер зымыран тасығыштың бірнеше жүз тонна улы отыны - гептилмен ластағаны хабарланған.
XS
SM
MD
LG