Accessibility links

Испанияға Карлаг тұтқындары туралы құжат берілді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Испания премьер-министрі Мариано Рахойға мұрағат құжаттарының көшірмесін беріп тұр. Астана, 30 қыркүйек 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Испания премьер-министрі Мариано Рахойға мұрағат құжаттарының көшірмесін беріп тұр. Астана, 30 қыркүйек 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания премьер-министрі Мариано Рахойға екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қарағанды лагерінде әскери тұтқында болған 152 испандық туралы мұрағат құжаттарының көшірмесін табыс етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Испания премьеріне құжаттар көшірмесін кездесуден кейін өткізген баспасөз жиынында табыстаған.

Совет одағының бас лагерьлер басқармасы - ГУЛАГ-тың ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі, Қазақстанның Қарағанды облысында орналасқан Карлаг 1930-1959 жылдар аралығында жұмыс істеді. Бұл жылдары Карлагта бір миллионға жуық адам қамалды деген болжам айтылады.
XS
SM
MD
LG