Accessibility links

Банк алдындағы наразылық


"Болашақ" жастар ұйымының белсенділері "KazInvestBank директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Дархан Ботабаев AirAstana компаниясының қызметкерін ұрғаны үшін кешірім сұрап, моральдық шығынын өтеcін" деп талап етті. Қыркүйектің басында "ұшаққа билет сатып алуға келген Дархан Ботабаевтың AirAstana компаниясы қызметкеріне (әйел адамға) қол жұмсағаны туралы" бейнежазба тараған еді. KazInvestBank алдындағы наразылық кезінде атын айтпаған банк өкілі журналистерге Ботабаевтың бүгін өз еркімен жұмыстан кеткені жазылған пресс-релиз таратып кетті. Банк таратқан ақпаратта Ботабаев "оқиғаға байланысты қызметтен кететінін және ыңғайсыз жағдайға банктің қатысы жоғын" айтады. Алматы, 30 қыркүйек 2013 жыл.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG