Accessibility links

Венесуэла АҚШ дипломаттарын елден шығармақ


Николас Мадуро, Венесуэла президенті.

Николас Мадуро, Венесуэла президенті.

Венесуэла АҚШ-тың төрт дипломаты мен елшіліктің екі қызметкеріне елден кетуге бұйрық берді. Ресми Каракас оларды "президент Николас Мадуро үкіметінің саяси қарсыластарымен ынтымақтасты, Венесуэлада тұрақсыздық тудыруға тырысты" деп айыптап отыр.

Тікелей эфирден сөйлеген Николас Мадуро америкалық дипломаттарға елден шығуға 48 сағат уақыт берілетінін мәлімдеді. Ол АҚШ-ты "зорлық-зомбылық жасауға арандатып отыр" деп айыптады. Таяуда Венесуэла президенті АҚШ-ты "кейбір тауар түрлерінің тапшылығын тудырып, электр қуатын ажыратып тастады" деп айыптаған.

Мадуро билігіне қарсылар "елдегі наразылық акцияларының болуына, электр қуаты мен кейбір тауарларға деген тапшылықтың туындауына үкіметтің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болып отыр" дейді.

Екі ел де қарым-қатынастың нашарлауынан 2010 жылдан бері бір-біріне елші тағайындамаған. Сондықтан Венесуэлада АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының басшысы міндетін дипломат Келли Кайдерлинг атқарып отыр.
XS
SM
MD
LG