Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ-тың 2 генералы қызметтен кетті


Ауғанстандағы АҚШ әскерилері. Гильменд уәлаяты. Көрнекі сурет

Ауғанстандағы АҚШ әскерилері. Гильменд уәлаяты. Көрнекі сурет

АҚШ-тың құрлықтағы әскери күштерінің екі генералы "АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери базасын "Талибан" шабуылынан қорғай алмады" деген айыппен қызметтерінен босатылды.

Құрлықтағы әскери күштердің қолбасшысы, генерал Джеймс Амос "генерал-майор Чарльз Гурганус пен Грегг Стурдевант Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гельманд уәлаятында Бастион лагеріндегі (Camp Bastion) әскери күш мен техниканы тиісті дәрежеде қорғай алмады" деген тұжырым жасады.

Қолбасшы екі генералды отставкаға кетуге шақырып, олар жұмыстан шығуға өтініш берді.

2012 жылы қыркүйекте "Талибан" жасақтарының лагерге жасаған шабуылынан америкалық екі сарбаз қаза тауып, сегізі жараланған еді. "Талибан" бұдан өзге, америкалық алты Harrier шабуылшы ұшағын жойып жіберіп, бірнеше әскери техниканы бүлдірген. Шабуыл жасаған 15 содырдың 14-і қаза тауып, біреуі қолға түскен.
XS
SM
MD
LG