Accessibility links

Алматыда баспасөзді қорғайтын қоғамдық штаб құрылды


Саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.

Саясаткер Әміржан Қосанов. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.

"Бүгін Алматыда бір топ саясаткер мен қоғамдық белсенді баспасөз құралдарын қорғайтын қоғамдық штаб құрды" деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Алматыда өткен баспасөз жиынында саясаткер Әміржан Қосанов, Айдос Сарым, қоғамдық белсенділер Серікжан Мәмбетәлин мен Бақытжан Төреғожина "соңғы кезде оппозициялық ақпарат құралдарының қызметіне шектеу жасалып жатқанын, оларды белсенді түрде қорғауға қажеттілік туғанын" айтып, "БАҚ құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдық штаб құратындарын" мәлімдеді. Белсенділердің айтуынша, штаб өкілдері 12 қазанда Алматыда баспасөз құқықтарын қорғауға арналған наразылық акциясын өткізу үшін әкімдіктен рұқсат сұрамақ.

Белсенділер бұған қоса, "Қазақстанда оппозициялық БАҚ қызметінің шектелуіне байланысты халықаралық ұйымдарға хат жазатындарын" айтты.

Биыл Қазақстанда сот арқылы «Республика», «Взгляд» газеттері, guljan.org сайты жабылып, «Ашық алаң» («Трибуна»), «Правда Казахстана» басылымдарының жұмысы уақытша тоқтатылды.
XS
SM
MD
LG