Accessibility links

Борышкерлер президентке хат тапсырды


Астанаға әр жақтан жиналған борышкерлер Бәйтеректен министрлер үйіне бара жатыр. Астана, 1 қазан 2013 жыл.

Астанаға әр жақтан жиналған борышкерлер Бәйтеректен министрлер үйіне бара жатыр. Астана, 1 қазан 2013 жыл.

Бүгін Астанаға Қазақстанның бірнеше облысынан 200-ге жуық борышкер жиналып, президенттің атына талап-тілектері жазылған хат тапсырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Астанадан жиналған азаматтар өздерін "банктен ипотекаға үй алған борышкерлер" деп атайды.

Олардың айтуынша, осыдан төрт-бес жыл бұрынғы қаржы дағдарысы кезінде банк "борышкерлер қарыздарын төлей алмағандықтан, қарызға өсімақы қосып, кейбірінің үйін тартып ала бастаған".

Ақордаға бармақ болған борышкерлерді жолда полиция бөгеген. Бұдан соң олардың алдынан премьер-министрдің өкілі шығып, талап хаттарын қабылдап алды. Премьер өкілімен "Халыққа баспана қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаев сөйлесіп, үкіметтен "мәселелерінің шешілетіні не шешілмейтіні туралы жауап беруді" сұрады.

Борышкерлер хатта президенттен банктің негізгі қарыздарын ғана қалдырып, өсімақыны алып тастауына, үйлерін тартып алуын тоқтатуға көмектесуін сұраған. Олар "үкімет дағдарыс кезінде банктерге көмектескен, енді бізге де көмектесуі қажет" деп санайды.

Жиналғандар қазір Ақордаға барар жолда тұр. Ақорданың маңайын полиция қоршауға алған.

21 мамырда "ипотекаға үй алып, оның қарызын қайтара алмай жүрміз" деген жүзден аса адам Астанаға жиналған еді. Олар үкімет және парламенттің қабылдауына кіріп, биліктен қарыздарын жабуды сұрамақ болған.
XS
SM
MD
LG