Accessibility links

ҰҚК: Шекарашыларға бір топ адам шабуылдады


Қазақстандық шекарашы. Көрнекі сурет

Қазақстандық шекарашы. Көрнекі сурет

Жамбыл облысының Қырғызстанмен шекарасында Қазақстан шекарашыларына белгісіз бір топ адам шабуыл жасады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ақпараты бойынша, қазақстандық шекарашылар қырғызстандық бір топ адам ұрлап әкетуге тырысқан оншақты бас жылқыны ұстап алған. Жылқыларды ұрламақ болғандар Қырғызстан аумағына жасырынған.

Бұдан соң "Сортөбе" шекара бекетінде шекарашыларға аттылы 5-6 адам шабуыл жасаған. Ал шекарашылар оларға ескерту ретінде оқ атқасын, шабуылдаушылар бой тасалаған.

Қазір шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG