Accessibility links

Қайрат Келімбетов Ұлттық банк басшысы болды


Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы.

Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ұлттық банк төрағасы етіп Қайрат Келімбетовті тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев өз жарлығымен Ұлттық банктің бұған дейінгі төрағасы Григорий Марченконы қызметінен босатқан.

Ұлттық банк басшысын ауыстыру шешімі туралы Назарбаев "Марченко бұл қызметті ұзақ жылдар бойы, оның ішінде қиын кезеңде атқарды. Елдің қаржы жүйесі, ұлттық банкі, ұлттық қорды басқаруға үлкен үлес қосты" деген.

Ал бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болған Келімбетов туралы "Кеден одағының қызметіне, Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуына қатысты келіссөздерді жүргізді" деген.

Қайрат Келімбетов премьер-министрдің орынбасары қызметінен бұрын экономика және бюджетті жоспарлау министрі болған.
XS
SM
MD
LG