Accessibility links

Крандағы көкшетаулық әйел полиция көмегінен бас тартты


Көкшетауда сот шешіміне наразылық танытып, құрылыс кранына шыққан Сұлушаш Жәкенова полицияның көмегінен бас тартты.

Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук полицияның Жәкенованың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге даяр екенін, бірақ одан бас тартып отырғанын айтады.

Сұлушаш Жәкенова Азаттық тілшісіне өзінің полиция көмегінен бас тартып отырғанын растады.

Ол бұрынғы күйеуіне қатысты шыққан сот шешімімен келіспей, 29 қыркүйекте кран басына шығып алған еді. Ол бұрынғы күйеуінің өзі мен ұлына доқ көрсетіп жүргенін айтқан.
XS
SM
MD
LG