Accessibility links

Рим папасы: Шіркеуді реформалау қажет


Рим папасы Франциск (ортада ақ киімде) пен католик шіркеуінің кардиналдары. Ватикан, 1 қазан 2013 жыл.

Рим папасы Франциск (ортада ақ киімде) пен католик шіркеуінің кардиналдары. Ватикан, 1 қазан 2013 жыл.

Рим папасы Франциск католик шіркеуін "заманға сай, кедейлерге, барлық жастағы адамдарға үміт сыйлайтын" шіркеуге айналдырғысы келеді. Бұл туралы ол италиялық La Republica басылымына берген сұхбатында айтты.

Бүгін жарияланған сұхбатта Франциск папалықтың басқару органы - Рим куриясын "Ватиканның ығында кеткен" деп айыптады.

Бүгін Ватиканда әлемнің әр аймағынан жиналған сегіз кардинал шіркеуді реформалау мәселесін талқылауға жиналды. Үш күнге созылатын кардиналдар жиыны жабық түрде өтпек.

Кардиналдар негізінен соңғы жылдары дау-жанжалға көп ұрынып жүрген басқару органын реформалауды көздеп отыр.

Биыл наурыз айында папа болып сайланған Франциск жаңаша стилімен ерекшеленеді. Қыркүйектің басында берген сұхбаттарыныің бірінде ол "католик шіркеуі абортқа тыйым салуды жойып, гомосексуализмге рұқсат етуі қажет және барынша мейірімді болуы тиіс" деген.
XS
SM
MD
LG