Accessibility links

Астанада АҚШ пен НАТО әскери доктринасы таныстырылды


Қазақстандық әскерилер. Көрнекі сурет
Қазақстандық әскерилер. Көрнекі сурет
1 қазанда Астанада, қорғаныс министрлігінде АҚШ пен НАТО-ның әскери доктринасы таныстырылды деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдері Астанада АҚШ армиясы әскери колледжінің және Чехия ұлттық қорғаныс университетінің оқытушыларымен кездескен. Кездесуде профессор Джон Бонин, доктор Скот Горман мен доктор Ян Спишак НАТО мен АҚШ-тың құрлықтағы әскери күштерінің доктринасын таныстырып, өз елдеріндегі әскери оқыту тәсілдері туралы баяндаған.

Шетелдік әскерилер бұған қоса Батыс елдеріндегі әскери тактикалық операцияларды жүргізу мен оған дайындыққа деген көзқарастың өзгеру барысын да талқылаған.
XS
SM
MD
LG