Accessibility links

Игумен Софроний Қазақстанда қалатын болды


Софроний әкей. 24 шілде 2013 жыл.

Софроний әкей. 24 шілде 2013 жыл.

2 қазанда Алматы облыстық соты игумен Софронийдің Іле аудандық сотының үкіміне қарсы жазған шағымын қанағаттандырып, оны Қазақстаннан шығару туралы аудандық сот шешімін жойды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне игумен Софронийдің адвокаты Владислав Мадзигон телефон арқылы хабарлады.

- Алматы облыстық сотының төрағасы Тілектес Барпыбаев шағымымызды толық қанағаттандырды. Шағымда біз Қазақстаннан шығару туралы сот шешімін жоюды сұрағанбыз, - деді ол Азаттық тілшісіне.

29 шілдеде Алматы облысының Іле аудандық соты "Игумен Софроний Қазақстанда тіркелу ережесін бұзғаны үшін 8 тамызда Ресейге қайтарылуы керек" деген шешім шығарған еді.

Ресей азаматы, Софроний деген атпен белгілі Петр Евтихеевті депортациялау ісі туралы, оның Қазақстандағы балалар мен қарттар паналайтын баспанасы жайлы Азаттық бұған дейін жазған.
XS
SM
MD
LG