Accessibility links

Кран басындағы әйел наразылығын жалғастырды


Кран. Көрнекі сурет

Кран. Көрнекі сурет

Көкшетауда сот шешіміне наразылық танытып, құрылыс кранының басына шыққан Сұлушаш Жәкенова қарсылық акциясын төртінші күні де жалғастырды. Ол кран басына шығумен қатар аштық та жариялаған.

Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Сұлушаш Жәкенова қарсылығын жалғастыра беретінін айтты.

- Кран басынан түскен жоқпын. Аштықты да жалғастырып жатырмын. Сәл басым ауырған соң су мен дәрі іштім. Талабым орындалмайынша полиция көмегінен де бас тартамын, - деді ол Азаттыққа.

Сұлушаш Жәкенова бұрынғы күйеуіне қатысты шыққан сот шешімімен келіспей, 29 қыркүйекте кран басына шыққан еді.
XS
SM
MD
LG