Accessibility links

Әблязовты қолдаған белсенділерді полиция ұстады


Франция елшілігінің алдына хат тапсыруға келген қоғамдық белсенділер. Алматы, 1 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет

Франция елшілігінің алдына хат тапсыруға келген қоғамдық белсенділер. Алматы, 1 тамыз 2013 жыл. Көрнекі сурет

Бүгін Астанада бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовты қолдап, акция өткізген бір топ белсендіні полиция ұстап әкетті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Түстен кейін Франция елшілігінің алдына жиналған төрт-бес адам Франциядан Әблязовты Қазақстанға қайтармауын сұрап, акция өткізді. Қатысушылар қолдарына Қазақстан сотының әділдігіне сенбейтіндері туралы жазуы бар плакат ұстап шықты.

Елшіліктен олармен сөйлесуге келген ешкім болмады.

Акция өткізушілер тарқап бара жатқанда оларды полиция ұстап әкетті.

Қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты 31 шілдеде Францияда жергілікті қауіпсіздік күштері ұстаған еді.

2005-2009 жылдары БТА банкін басқарған Әблязовқа Қазақстан билігі"БТА банкінің қаржысын талан-таражға салып, аса ірі көлемде қаржылық алаяқтық жасады" деген айып тағып, қылмыстық іс қозғаған.

2009 жылы шетелге қашқан Мұхтар Әблязов өзін "саяси себеппен қуғын көрушімін" деп сипаттайды.

Белсенділер бұған дейін де Францияның Алматыдағы консулдығына Әблязовті қайтармауды сұрап хат тапсырған еді.
XS
SM
MD
LG