Accessibility links

Ресей: Ливиядағы елшілік шабуылға ұшырады


Ливия картасы. Көрнекі сурет

Ливия картасы. Көрнекі сурет

Ресей сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ливиядағы елшілігі 2 қазанда шабуылға ұшырағанын хабарлады. Министрліктің ақпараты бойынша, бір топ қарулы адам дипломатиялық миссия аумағына кірмек болған. Министрліктің баспасөз хатшысы дипломаттардың ешқайсысы зардап шекпегенін айтады.

Шабуыл туралы бұған дейін "Әл-Арабия" телеарнасы елшілік маңында атыс үні естілгенін хабарлаған. Ливияның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шабуыл 1 қазанда Триполиде ливиялық полицейдің орыс әйелдің қолынан қаза тапқанына қарсылық болуы да мүмкін.

Шабуыл туралы әзірге егжей-тегжейлі ақпарат таратылмады.
XS
SM
MD
LG