Accessibility links

Алматыда шетел қазақтарының өнер фестивалі басталды


3 қазанда Алматыда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында шет ел қазақтарының өнер фестивалі басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, фестивальге 16 мемлекеттен 150-ге жуық суретші, әнші-жыршылар мен ақындар келген. Бүгін фестиваль аясында шетел қазақтарының сурет көрмесі, ақындар мен жыршылардың мүшәйрасы өтеді.

Фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Иран, Моңғолия, Еуропа қазақтары келген. Шетел қазақтарының өнер фестивалі алғаш рет 2012 жылы өткізілген. Шара екі күнге созылады.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG