Accessibility links

ЕО: Иранға уран байытуға рұқсат берілуі мүмкін


Линас Линкевичус, Литва сыртқы істер министрі.

Линас Линкевичус, Литва сыртқы істер министрі.

Еуропа Одағы (ЕО) Батыс елдері Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешуі үшін Тегеранға уран байытуға рұқсат беру мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Reuters агенттігіне берген сұхбатында ЕО-ға биыл төрағалық етуші Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкевичус егер Тегеран БҰҰ инспекторларына ядролық бағдарламасы "расымен бейбіт мақсатты көздейтінін" дәлелдей алса, Иранға уран байытуды жалғастыра беруге рұқсат етілетінін айтты.

Линкевичус президент Хассан Роухани басқарған Иранның Батыспен "жақын -қарым-қатынас ұстай бастауын" "ілгері жылжу, бірақ шартты нәрсе" деп атады.

Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деп қауіптеніп, уран байытудан бас тартуды талап етеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG