Accessibility links

Павловты экстрадициялау шешімі кейінге қалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Испания жоғарғы сотының коллегиялық алқасы қазақстандық Александр Павловты (оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовтың бұрынғы оққағары) экстрадициялау ісі бойынша шешімді 25 қазанға дейін қалдыра тұруға қаулы етті.

Павловтың адвокаттарының бірі Мария Коста 3 қазанда Азаттыққа Испания соты Польша үкіметінен қазақстандық оппозициялық саясаткер Мұратбек Кетебаевтың ісіне қатысты қосымша ақпарат алмақ ниетпен шешімді кейінге қалдырғанын айтты. Адвокаттың сөзіне қарағанда, сот Қазақстанның Кетебаевты экстрадициялауды сұрағанын, Кетебаевтың Польшадан баспана алған-алмағанын білгісі келеді.

2011 жылдан бері Польшада тұратын 56 жастағы Кетебаев 2013 жылы маусымда Қазақстан үкіметінің сұрауымен ұсталған еді. Бірақ кейін сот оны экстрадициялауға негіз жоқ деп босатқан.

Мұратбек Кетебаев - қазір Францияда қамауда жатқан Мұхтар Әблязовтың жақын серігі. Қазақстан Франциядан Әблязовты экстрадициялауды сұраған.

Александр Павлов қазір Мадридте қамауда отыр. Қазақстанда оған "банктік алаяқтық жасады" деген және терроризм бойынша айыптар таққан. Бірақ адвокаттары бұл айыптаулар негізсіз деп санайды.
XS
SM
MD
LG