Accessibility links

«Шахтер» мен «Маккаби» тең түсті


Қазақстандық "Шахтер" футбол командасымен албаниялық "Скендербеу" командасының кездесуі. Албания, Тирана, 7 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық "Шахтер" футбол командасымен албаниялық "Скендербеу" командасының кездесуі. Албания, Тирана, 7 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Футболдан Қазақстан чемпионы «Шахтер» командасы Еуропа лигасы топтық кезеңі аясындағы екінші кездесуінде Астанада Израильдың «Маккаби» (Хайфа) командасымен ойнап, 2:2 есебімен тең түсті.

Ойынның бірінші таймында «Шахтер» ойыншылары Андрей Финонченко мен Евгений Тарасов екі гол салды. Ал екінші таймда израильдік клуб ойыншылары Хен Эзра мен Алон Тургеман екі гол салып, есепті теңестірді. Матч қорытындысы бойынша қос команда бір ұпайдан иеленді.

Мұның алдында «Шахтер» Еуропа лигасы топтық кезеңінде Грекияда «PAOK» клубымен ойнаған еді. Қазақстандық команда 1:2 есебімен ұтылды.

«Шахтер» 24 қазан күні Астанада голландиялық «AZ» командасымен ойнайды.
XS
SM
MD
LG