Accessibility links

TeliaSonera-ның тағы бір басшысы қызметтен кетті


Теро Кивисаари, TeliaSonera компаниясы басшыларының бірі.
Теро Кивисаари, TeliaSonera компаниясы басшыларының бірі.
Швецияның TeliaSonera телекоммуникациялық компаниясының Өзбекстандағы коррупциялық іс-әрекеттеріне бола мекеменің жедел бизнес қызметін жүргізу істері бойынша президенті Теро Кивисаари қызметінен алынды. Оның орнына компания президенті қызметін атқарған Сверкер Ханнервал тағайындалды.

Компания "TeliaSonera-ның Өзбекстандағы инвестициясы мен ондағы қызметіне қатысты сындардан кейін Кивисаари компанияда қызмет атқара алмайды" деп мәлімдеді.

TeliaSonera-ның атқарушы директоры Ларс Нюберг те "Өзбекстандағы әріптесі туралы тиісті ақпарат алмай, тексеріс жүргізбегені анықталған соң" қызметінен кеткен еді. TeliaSonera Өзбекстанда істес болған Takilant компаниясының Өзбекстан президентінің қызы Гүлнәра Каримоваға қатысы бар деп саналады.

Швед журналистері TeliaSonera мен Гүлнара Каримованың арасындағы "заңға қайшы байланыстарға" арнап телебағдарлама түсіріп, оны мамырдың 22-сі күні Швецияның SVT ұлттық телеарнасынан көрсеткен.

TeliaSonera-дағы коррупция мен қаржы жымқыруға қатысты фактілер 2012 жылы шыға бастаған.
XS
SM
MD
LG