Accessibility links

Қазақстанда бензин қымбаттайды


Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. Алматы, 26 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірі. Алматы, 26 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстанда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің бір литрі 100 теңгеден 117 теңгеге қымбаттайды деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев.

Ол мұны "қыркүйекте мұнай бағасының қымбаттауына байланысты" деп түсіндірді. "Агенттік, мұнай және газ министрлігі, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің бірлескен бұйрығына келесі аптада, шамамен 12 қазанға дейін қол қойылады" деді Аманжол Алпысбаев.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақстан ішкі сұранысқа қажетті осындай бензиннің 40 пайызын Ресейден тасымалдайды.

Аманжол Алпысбаев "өткен жылғы қазан айынан бері Қазақстанда аталған маркадағы бензиннің бағасы өзгермегенін, егер әлемде мұнай бағасы арзандаса, Қазақстанда да мұнай өнімдерінің бағасы арзандауы мүмкін екенін" айтады.
XS
SM
MD
LG