Accessibility links

Пан Ги Мун Египеттегі жағдайға алаңдайды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Египетте қантөгіске ұласқан наразылықтар мен қақтығыстардың жиілеп кеткеніне байланысты алаңдаушылық білдірді. Ол наразылық акцияларының бейбіт сипатта болғаны маңызды екенін атап айтты.

Жұма күні Каирдегі қақтығыстар салдарынан төрт адам мерт болған. Сонымен бірге Египеттің өзге қалаларында елдің бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар мен полиция арасында қақтығыстар болып, ондаған адам жараланған. Каирде Тахрир алаңына жиналған Мурсиді қолдайтындар шеруін тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданған.

Тамыз айында полиция мен қауіпсіздік күштері қарсылық шеруін күшпен таратып, қақтығыстар барысында жүздеген адам құрбан болған еді. Шілденің 3-і күні әскерилер биліктен кетірген Мурси содан бері қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG