Accessibility links

АҚШ Ирак азамат- тарына арнайы виза беруді ұзартты


АҚШ пен Ирак тулары. (Көрнекі сурет).

АҚШ пен Ирак тулары. (Көрнекі сурет).

АҚШ президенті Барак Обама Ирак азаматтарына АҚШ-та тұруға рұқсат беретін арнайы бағдарламаның мерзімін ұзарту туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, кезінде АҚШ әскеріне көмектескені үшін қазіргі кезде өз Отанында қауіп-қатер төнген мыңдаған ирактық азаматтарға АҚШ-қа келіп тұруға виза беріледі.

2007 жылдан бастап енгізілген бұл бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін 12 мыңнан аса адам АҚШ-қа қоныс аударған. Бірақ бағдарламаның мерзімі осы аптада аяқталғандықтан, АҚШ-қа баруға тілек білдірген екі мыңнан аса Ирак азаматы аталған визаны алып үлгермеген еді.

Бағдарлама мерзімін ұзарту үшін заң жобасы Конгресте дауысқа салынды. Сенат пен өкілдер палатасында демократтар мен республикашылар заңды бірден мақұлдап дауыс берген.

2003 жылы 19 наурызда Иракқа қарсы әскери қимылдар бастаған АҚШ пен оның одақтастарының әскері ол елден 2011 жылдың желтоқсанында шығарылды. Кейбір деректер бойынша, осы мерзім ішінде 116 мың Ирак азаматы мен 4800-ден астам шетел сарбазы қаза тапқан. Соғыстан Иракта 5 миллион адам үйсіз қалған.

Зерттеулерге қарағанда, соғысқа қатысқан америкалық әскерилердің 31 мыңнан астамы жараланған. Вашингтон Ирактағы соғысқа 810 миллиард АҚШ долларын жұмсаған.
XS
SM
MD
LG