Accessibility links

Алматыда жас белсенділер ұсталды


Полиция ұстаған жастардың бірі - "Ашық алаң" газетінің тілшісі Диас Бейсенбек. Сурет оның Facebook парағынан алынды.

Полиция ұстаған жастардың бірі - "Ашық алаң" газетінің тілшісі Диас Бейсенбек. Сурет оның Facebook парағынан алынды.

6 қазанда Алматыда салауатты өмір салтын насихаттаған бір топ жастарды полиция ұстады.

"Ашық алаң" газетінің тілшісі, жастар белсендісі Инга Иманбайдың айтуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданы ішкі істер басқармасына полиция 9 адамды әкелген. Олардың арасында "Рух пен тіл" ұйымының белсенділері Диас Бейсенбек, Анар Әбілда, Сырым Баймұқан бар.

- Қазір ғана Бостандық ауданының ішкі істер басқармасынан шықтым. 9 адамды полиция Орталық стадион жанынан ұстаған. Жастар салауатты өмір салтын насихаттау үшін Орталық стадионнан Достық даңғылына дейін жүгіріп өтпек болған, - дейді Инга Иманбай.

"Ашық алаң" газетінің тілшісі Диас Бейсенбек бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі арқылы жастарды темекі мен есірткіге, маскүнемдікке қарсы жүгіруге шақырған еді.

Азаттық тілшісіне Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының кезекші бөлімі Орталық стадион жанынан он шақты адам ұсталғанын растады. Оларды ұстау себептері туралы Азаттық сұрақтарына басқарма қызметкерлері жауап бермеді.
XS
SM
MD
LG