Accessibility links

Египетте қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Каирдегі Тахрир алаңын күзетіп тұрған солдат. 4 қазан 2013 жыл.

Каирдегі Тахрир алаңын күзетіп тұрған солдат. 4 қазан 2013 жыл.

Египетте биліктен қуылған бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастарының шерулері қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Египетте араб-израиль соғысының 40 жылдығына орай Мурси жақтастары мен оған қарсылар бүгін шерулер өткізбек.

Жергілікті БАҚ мәліметтеріне қарағанда, Каирге баратын барлық жолдарға полиция тексеру бекеттерін орнатқан. Қаладағы Тахрир алаңында да қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Египеттің ішкі істер министрлігі "орталық алаңда қандай да бір қақтығыс бола қалған жағдайда қатаң шара қолданатынын" ескертті.

Мурси жақтастары 4 қазан күні Тахрир алаңына жиналуға тырысқан. Олар бұл әрекеттеріне тосқауыл қойған полициямен және Мурсиге қарсы азаматтармен қақтығысқан. Бұдан кем дегенде төрт адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG