Accessibility links

Иракта шабуылдардан 70-ке жуық адам қаза тапты


Бағдад қаласына барар жолда полицей әйелді тексеріп жатыр. 6 қазан 2013 жыл.

Бағдад қаласына барар жолда полицей әйелді тексеріп жатыр. 6 қазан 2013 жыл.

Иракта 5 қазан күні бейбіт азаматтарға бірнеше шабуыл жасалды. Олардан 70-ке жуық адам қаза тапты.

Сенбі күні Бағдад қаласында шиит мұсылмандары жиылған жерде жанкешті өзін өзі жарып жіберген.

Полиция кем дегенде 48 адамның өлгенін хабарлады. Бағдад қаласында зиярат етіп жүрген шииттер сүнниттер тұратын Азамия ауданынан жүріп өткен.

Ал Бағдадтың шииттер тұратын Балад ауданында террорист кафе ішінде өзін өзі жарған. Одан 13 адам өліп, 22 адам жараланды.

Сенбі күні содырлар Мосул қаласында "Аль-Шаркия" телеарнасының тілшісі мен операторын атып кетті.

Сенбі күні жасалған бұл шабуылдарды ешқандай ұйым мойнына алмады. Ирактағы "Әл-Қаида" жанкештілері шииттерге қарсы терактілер жасап тұрады. Олар осы арқылы шииттердің үкіметке деген сенімін жоюға тырысады.
XS
SM
MD
LG