Accessibility links

Иракта жарылыстан он шақты адам опат болды


Бағдадтағы әскер көшедегі қауіпсіздікті бақылап тұр. 6 қазан 2013 жыл.

Бағдадтағы әскер көшедегі қауіпсіздікті бақылап тұр. 6 қазан 2013 жыл.

6 қазан күні Ирактың солтүстігінде жанкешті террорист екі автокөлікті жарып жіберді. Одан кемінде 10 адам өлді. Жарылыстар Ирактың Сириямен шекарасындағы шииттер көп тұратын Габат елді мекеніндегі полиция учаскесі мен бастауыш мектеп ғимаратының жанында болған.

Билік жарылыстан мектептің төбесі құлағанын хабарлады.

Сенбі күні Ирактағы шабуылдардан 70-ке жуық адам қаза тапқан еді.

Кейінгі айда Иракта террорлық шабуылдар жиіледі. AFP мәліметіне қарағанда, қазан айы басталғалы шабуылдан 140 адам мерт болса, жыл басынан бері бес мыңға жуық адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG