Accessibility links

Қысқы олимпиада алауы Мәскеуге жеткізілді


Қысқы олимпиада ойындарының алауын тұтату салтанаты. Мәскеу, Кремль, 6 қазан 2013 жыл.
Қысқы олимпиада ойындарының алауын тұтату салтанаты. Мәскеу, Кремль, 6 қазан 2013 жыл.
2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарының алауы 6 қазанда Мәскеудің Внуково-3 әуежайына әкелініп, одан Кремльге жеткізілген соң тұтандырылды. Алауды тұтандыру салтанатына Ресей президенті Владимир Путин қатысты.

Алау 29 қыркүйекте Ежелгі Олимпияда тұтандырылып, 5 қазанда Ресей делегациясына табыс етілген. Олимпиада алауының эстафетасы 7 қазанда басталып, ол қысқы олимпиада ашылатын 7 ақпанға дейін жалғасады. Оған дейін алауды ғарышқа, Байкал көліне, Солтүстік полюске апару жоспарланған.

Олимпиада алауы күн сәулесін шағылыстыратын томпақ айна арқылы тұтандырылған. 29 қыркүйектегі алау тұтату рәсімінде Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа басшысы Томас Бах пен Сочи олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Чернышенко қатысқан еді.
XS
SM
MD
LG