Accessibility links

Белсенді Мұхтар Тайжанға айыппұл салынды


Мұхтар Тайжан, қоғамдық белсенді. Алматы, 2 шілде 2013 жыл.

Мұхтар Тайжан, қоғамдық белсенді. Алматы, 2 шілде 2013 жыл.

Алматының әкімшілік соты бүгін қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжанға "Протон-М" зымыранының ұшырылуына қарсылық танытып, БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігіне хат тапсырғаны үшін айыппұл салды. Бұл туралы Азаттыққа Мұхтар Тайжанның өзі хабарлады.

Оның айтуынша, судья белсендіні әкімшілік кодекстің 373-бабы бойынша ("бейбіт шеру өткізудің тәртібін бұзу") айыптап, 50 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салған.

Қыркүйектің 30-ы күні бір топ қоғамдық белсенді апаттан кейін қайта ұшырылған алғашқы «Протон-М» зымыран тасығышына қарсы екендерін білдіріп, Алматыдағы БҰҰ өкілдігіне наразылық хатын тапсырған еді. Кейін «шараны ұйымдастырды» деген айыппен бірқатар қоғамдық белсенділер сотқа шақырылған.

2 қазанда сот хат тапсыруға барған қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевты да "бейбіт шеру өткізу тәртібін бұзды" деп айыптап, оған 50 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салған еді.
XS
SM
MD
LG