Accessibility links

Наразы жұрт Ыстықкөл губернаторын кепілге алды


"Құмтөр" кенішіне қатысты наразылық танытушылар облыс әкімшілігінің алдына жиналып тұр. Қарақол, 7 қазан 2013 жыл.

"Құмтөр" кенішіне қатысты наразылық танытушылар облыс әкімшілігінің алдына жиналып тұр. Қарақол, 7 қазан 2013 жыл.

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Құмтөр алтын кенішіне қатысты шеруге шыққандар облыс губернаторы Эмилбек Қаптағаевты кепілге алды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығы Қарақолға жиналған шерушілер Қаптағаевты көлікке отырғызып, сыртынан аттылы адамдардан күзет қойған. Қазір Қарақолдағы үкімет өкілдігінің кеңсесі алдын полиция күзетіп тұр. Қала алаңына шамамен 300-ге тарта адам жиналған.

Қырғыз үкіметі "Құмтөр" кенішінен алтын өндіретін канадалық "Центерра Голд" компаниясымен жаңа келісім жасасқан еді. Шерушілер үкіметтен ол келісімді қайта қарап, бұған дейін кенішке қатысты берген уәдесін орындауды талап етеді.

Өкілдің кеңсесі алдында бүгін екі бірдей митинг өтіп жатыр. Оның алғашқысында банкке қарыз ондаған адам наразылық танытып тұр. "Құмтөрге" қатысты келісімге наразылар Қаптағаевты ол банкке берешек наразылармен кездесуге шыққан кезде ұстап алған.
XS
SM
MD
LG