Accessibility links

Медицина саласында "Нобель" иегерлері анықталды


Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Джеймс Ротман (солдан оңға қарай), Рэнди Шекман және Томас Зюдхоф. Стокгольм, 7 қазан 2013 жыл.

Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Джеймс Ротман (солдан оңға қарай), Рэнди Шекман және Томас Зюдхоф. Стокгольм, 7 қазан 2013 жыл.

Нобель сыйлығының медицина саласы бойынша жеңімпаздары анықталды. Сыйлыққа америкалық ғалымдар Джеймс Ротман мен Рэнди Шекман және германиялық Томас Зюдхоф ие болды.

Швецияның Каролинска институты жанындағы Нобель комитеті өкілдерінің хабарлауынша, ғалымдар сыйлыққа жасушалар арасындағы өзара әрекеттестік саласында ашқан жаңалықтары үшін ие болған.

Джеймс Ротман - Йель университетінде, Рэнди Шекман - Калифорния университетінде, ал Томас Зюдхоф - Стэндфорд университетінде жұмыс істейді.

Сыйлық иегерлеріне 1 миллион 200 мың АҚШ доллары көлемінде ақша тапсырылады. Оны үш ғалым бөліп алады.

Бүгін Стокгольмде Нобель сыйлығын тапсыру апталығы басталды.

Бейбітшілік саласына қосқан үлес үшін тағайындалатын Нобель сыйлығы 11 қазанда Ослода тапсырылады.
XS
SM
MD
LG