Accessibility links

Қырғыз полициясы наразыларды қуып таратты


Наразы жұрт Ыстықкөл облысының губернаторы Эмилбек Қаптағаевты қоршап тұр. Қырғызстан, 7 қазан 2013 жыл.
Наразы жұрт Ыстықкөл облысының губернаторы Эмилбек Қаптағаевты қоршап тұр. Қырғызстан, 7 қазан 2013 жыл.
Қырғызстанның Ыстықкөл облысында үкіметке наразылық танытып, облыс губернаторы Эмилбек Қаптағаевты бірнеше сағат кепілде ұстаған адамдарды полиция қуып таратты. Наразылар кепілге алған облыс губернаторы босатылды.

7 қазанда атқа мінген ондаған белсенді облыс губернаторын қоршап алып, оны көлікте бірнеше сағат бойы кепілде ұстаған еді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мәліметі бойынша, наразылар Қаптағаевты көлікке мінгізіп, егер полиция өздерін қуып таратса көлікті өртеп жіберетінін ескертіп, доқ көрсеткен.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полиция наразыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен резеңке таяқ қолданған. Наразылыққа қатысқан төрт адам ұсталған.

Наразылар "Құмтөр" алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап етеді. Биыл жазда кеніш орналасқан аймақта бірнеше рет шеру өтті.
XS
SM
MD
LG