Accessibility links

Мәскеуде Анна Политковскаяны еске алды


Анна Политковскаяның құрметіне орнатылған ескерткіш тақта. Мәскеу, 7 қазан 2013 жыл.

Анна Политковскаяның құрметіне орнатылған ескерткіш тақта. Мәскеу, 7 қазан 2013 жыл.

7 қазанда Мәскеуде құқық қорғаушылар журналист Анна Политковскаяны еске алды. Оның қаза тапқанына жеті жыл болған еді.

Политковская жұмыс істеген "Новая газета" басылымы оның құрметіне ескерткіш тақта орнатты.

Еске алу шаралары Мәскеудің бірнеше жерінде және Санкт-Петербургте өтті. Берлинде Ресейдегі адам құқықтарының бұзылуы мен зорлық-зомбылық құрбандарына арналған концерт болды.

Ресей әскері мен үкіметшіл топтардың Шешенстандағы қылмыстарын зерттеумен айналысқан Анна Политковскаяны 2006 жылы 7 қазанда Мәскеудегі пәтерінің алдында атып кеткен еді. Қазір оны өлтірді деген күдікті бес адамның үстінен сот жүріп жатыр. Бірақ оны өлтіруге кім тапсырыс бергені әлі анықталған жоқ.

Батыс елдері мен АҚШ үкіметі, бірқатар құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Мәскеуді қылмысты толық ашуға шақырған.
XS
SM
MD
LG