Accessibility links

Ұсталған "Әл-Қаида" басшысын АҚШ тергейді


"Әл-Қаида" басшыларының бірі Әбу Анас әл-Либи. (Сурет gettyimages.com сайтында жарияланған).

"Әл-Қаида" басшыларының бірі Әбу Анас әл-Либи. (Сурет gettyimages.com сайтында жарияланған).

"Әл-Қаида" жетекшілерінің бірі, 5 қазанда Ливияда ұсталған Әбу Анас әл-Либиді америкалық танымал тергеушілер тергейді. Әл-Анасты АҚШ арнайы күштері 1988 жылы Танзания мен Кениядағы АҚШ елшіліктерінде болған жарылыстарға күдікті деп ұстаған. Ол кезде екі жарылыс салдарынан 224 адам қаза тапқан еді.

АҚШ билігінің өкілдері батыстық ақпарат агенттіктеріне әл-Либиді Жерорта теңізіндегі әскери кемелердің бірінде тергейтінін хабарлаған.

Триполиде ұсталған әл-Либи бірден Ливиядан шығарылған еді. Ливия үкіметі АҚШ-ты оны ұрлап әкетті деп айыптаған. Бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри әл-Либиді ұстау операциясына қолдау білдіріп, Ливия үкіметінің айыптауын негізсіз деп атады.
XS
SM
MD
LG