Accessibility links

ЕО темекіге қарсы жаңа ереже қабылдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Еуропа парламенті жастар арасында темекі шегуді азайту үшін жаңа ереже бекітті. Бірақ жаңа ереже бұған дейін жоспарланған қатаң шараларды қамтымай, әлдеқайда жұмсақ болып шықты.

Страсбургте өткен дауыс беру кезінде Еуропа парламенті темекі қораптарында темекі шегудің зияны туралы ескертпелерге көп орын қалдыруды мақұлдады.

Оған қоса, 2020 жылдан бастап темекі өнімдері құрамындағы ментол мен басқа да қоспаларға тыйым салынатын болды. Электронды темекінің де жарнамасы азаяды.
Темекі лоббистері жаңа ережені "тұтынушылар құқығын шектейді" деп бағалады.

Еуропа Одағында темекі шегуден туындайтын ауруларды емдеуге жылына 25 миллиард еуро көлемінде қаржы жұмсалады. Ал ЕО-ның 28 мемлекетінде бір жылда шамамен 700 мың адам темекі зардабынан өледі.
XS
SM
MD
LG