Accessibility links

Әзербайжанда президент сайлауы басталды


Әзербайжан президенттігіне кандидаттардың суреттері алдынан өтіп бара жатқан жұрт. Баку, 7 қазан 2013 жыл.
Әзербайжан президенттігіне кандидаттардың суреттері алдынан өтіп бара жатқан жұрт. Баку, 7 қазан 2013 жыл.
Әзербайжанда президент сайлауы басталды. Сарапшылар "қазіргі президент Ильхам Әлиев бұл сайлауда үшінші мерзімге қайта сайланады" деп болжайды. Олар "Әзербайжандағы саяси оппозиция әлсіз, сондықтан Әлиев қарсыластарынан әлдеқайда көп дауыс жинайды" деп санайды.

Оппозиция кандидаты Жамиль Гасанлының жақтастары Ильхам Әлиев билігін "коррупцияға батқан және адам құқықтарын бұзады" деп айыптайды. Ал қазіргі президенттің жақтастары мұнайға бай бұл елдің "экономикалық даму көрсеткіштері Әлиевтің тағы да президенттікке сайлануға лайық екенін дәлелдейді" дейді.

Бұдан бес жыл бұрын өткен президент сайлауында Ильхам Әлиев, ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 90 пайызының даусына ие болған. Бірақ Батыс елдерінен барған бақылаушылар ол сайлауды "еркін және әділ өтпеді" деп атаған.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы "Әзербайжан үкіметі сайлау қарсаңында өзгеше ойлайтындарды басып-жаншу саясатын жүргізіп отыр" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG