Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 7 адам мерт болды


Алматы облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Алматы облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Алматы облысында көлік апатынан жеті адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 8 қазан күні Алматы облысының Ұйғыр ауданы аумағында, Алматы-Қорғас күрежолының 205-километрінде жеңіл "Ауди" және "Хонда" көліктері соқтығысқан.

Апат салдарынан "Ауди" көлігінің жүргізушісі мен ондағы төрт жолаушы және "Хонда" көлігінде болған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

"Хонда" көлігінің жүргізушісі мен көліктегі тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.
XS
SM
MD
LG