Accessibility links

Саналған дауыстың 85 пайызын Ильхам Әлиев алған


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жақтастарының қуанышы. Баку, 9 қазан 2013 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің жақтастарының қуанышы. Баку, 9 қазан 2013 жыл.

Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметі бойынша, 9 қазанда өткен президент сайлауында берілген дауыстардың 80 пайызға жуығы саналды. Қазіргі президент Ильхам Әлиев саналған дауыстың 85 пайызына ие болған. ОСК оппозициялық кандидат Жамиль Гасанлының "тек бес пайыз дауыс жинағанын" айтады.

Ильхам Әлиев дауыс берудің алғашқы алдын-ала нәтижесі жариялана бастағаннан соң сөз сөйлеп, өзін "үшінші мерзімге президент етіп сайлаған" халыққа алғыс айтты.

Кеше Жамиль Гасанлы ресми мәлімдеме жасап, "сайлау нәтижелері бұрмаланды" деген еді. "Сайлауды түгелдей бұрмалау - азаматтардың сайлау құқықтарын өрескел түрде бұзу және оны құрметтемеу" деді ол.

Сайлауға бақылау жасаған ЕҚЫҰ бүгін сайлауға қатысты есебін жариялайды.

Батыстық құқық қорғау ұйымдары бұған дейін Әзербайжан үкіметінің тәуелсіз БАҚ-ты, үкіметтік емес ұйымдар мен оппозиция белсенділерін қудалайтынын айтып, "бұл елде еркін және әділ сайлау өткізуге ешқандай мүмкіндік жоқ" деген.

Елдің экс-президенті Гейдар Әлиевтің ұлы Ильхам Әлиев Әзербайжанды әкесі қайтыс болған 2003 жылдан бері басқарып келеді.
XS
SM
MD
LG