Accessibility links

Грузияда Сочи олимпиадасына бойкот жариялауға шақырды


Олимпиада алауын тұтату салтанаты. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

Олимпиада алауын тұтату салтанаты. Мәскеу, 6 қазан 2013 жыл.

Грузиялық үкіметтік емес екі ұйым (Transparency International ұйымының Грузиядағы бюросы мен "Әділ сайлау" ұйымы) 2014 жылы Ресейде өтетін қысқы олимпиада ойындарына бойкот жариялауды талап етіп, қол жинай бастады.

Грузия үкіметі осы аптаның басында "Егер Ресей Сочи олимпиадасын шектен тыс саясиландыратын болса, тиісті шара қабылдайтынын" мәлімдеген еді.

Тбилисидің мұндай мәлімдеме жасауына 6 қазанда Мәскеуге жеткізілген олимпиада алауын алып жүру эстафетасында факельді әскери ұшқыш, 2008 жылғы Ресей-Грузия соғысына қатысқаны үшін "Ресей батыры" атағын алған Иван Нечаевтың ұстағаны себеп болды.

Екі ел арасындағы соғыс Ресейдің сепаратистік грузин аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияны "тәуелсіз" деп мойындауымен аяқталған.

Бұған дейін Грузия үкіметі екі ел арасының шиеленіскеніне қарамастан Сочиге спортшыларын жіберуге шешім қабылдаған.
XS
SM
MD
LG