Accessibility links

АҚШ Египетке беретін көмегін азайтпақ


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки. Вашингтон, 12 маусым 2013 жыл.
АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки. Вашингтон, 12 маусым 2013 жыл.
Египеттегі "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастарының қатаң басып-жаншылуына және демократиялық жолмен сайланған президент Мұхаммед Мурсидің биліктен кетірілуіне байланысты АҚШ бұл елге беретін әскери және қаржылай көмегін қысқартатын болды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псакидің хабарлауынша, президент Барак Обама әкімшілігі Египетте "еркін әрі әділ сайлау арқылы демократиялық үкімет құрылуы тиіс" деп, кейбір әскери және қаржылай көмекті тоқтатқан.

Джен Псаки Египетке миллиондаған доллардың әскери техникалары - танктер, жойғыш ұшақтар, тікұшақтар мен зымырандар жеткізу тоқтайтынын айтады.

Бірақ Вашингтон Египетке елдің шекарасын қорғау, терроризммен күрес және Синай түбегіндегі қауіпсіздікті сақтауға көмектесе бермек.

АҚШ жыл сайын Египетке 1 миллиард 500 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетеді. Оның көпшілігі әскери салаға бөлінеді.

Египет әскерилері "Мұсылман бауырлар" қозғалысы атынан сайланған президент Мұхаммед Мурсиді 3 шілдеде биліктен кетірген еді. Осыдан кейін Мурсидің билікке оралуына талап еткен наразылық шерулері мен қақтығыстарда жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG