Accessibility links

Ливия премьерін қарулы топ ұстап әкетті


Әли Зейдан, Ливия премьер-министрі.
Әли Зейдан, Ливия премьер-министрі.
Ливия үкіметі "премьер-министр Әли Зейданды бір топ қарулы адам белгісіз жаққа алып кеткенін" хабарлады. Қазір премьердің қайда екені белгісіз.

France Press агенттігінің хабарлауынша, Әли Зейданды бүгін таңертең әкеткен. Қарулы топ бұрынғы көтерілісшілер болуы мүмкін деген болжам бар.

Reuters агенттігінің ақпаратына қарағанда, премьерді ел астанасы Триполидегі қонақүйден әкеткен.

Ливия үкіметі 2011 жылы президент Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін басталған қарулы топтар арасындағы қақтығыстарға қарсы күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG