Accessibility links

Сноуденнің әкесі Мәскеуге барды


АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі Лон Сноуден. Вашингтон, 7 тамыз 2013 жыл.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі Лон Сноуден. Вашингтон, 7 тамыз 2013 жыл.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі Лон Сноуден ұлын көру үшін Мәскеуге барды.

Эдвард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің азаматтардың интернеттегі жазбалары мен телефон байланыстарына тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасы барын әшкере қылған еді. Бұдан соң оны АҚШ сотқа беріп, Сноуденге қарсы іс қозғалды.

Эдвард Сноуден маусым айында Мәскеуге барған. Ресей оған бір жылға саяси баспана берді. Қазір оның Ресейдің қай жерінде тұрып жатқаны белгісіз.

Лон Сноуден ұлын АҚШ-тан кеткелі бері жүзбе-жүз көрмегенін айтады.

Ресейдің Эдвард Сноуденді АҚШ-қа бермей қоюы екі ел қарым-қатынасын нашарлатып жіберді.
XS
SM
MD
LG